"Біз ертегілер еліндеміз" » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қазан
2021

"Біз ертегілер еліндеміз"

№ 158 жалпы білім беретін мектебінің кітапхана меңгерушісі Әлімғожа Шырынның ұйымдастыруымен 1 "Ә" сынып оқушыларымен "Біз ертегілер еліндеміз " атты саяхат өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы түсінік беру. Оқушылардың қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдыру. Төзімділікке, адамгершілікке, бірлесе жұмыс істеуге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу. Ертегілерді оқуға деген қызығушылығын ояту.
Шара барысында оқушыларға бізге ата-бабадан мұра болып қалған құнды шығарманың бірі ертегі екен. Оның қай-қайсысын алсақта тәрбиелік мәні өте көп  екені түсіндірілді. Сонымен қатар "Алдар көсе", "Үш күшік", "Ержүрек", "Ертөстік", "Шалқан" т.б ертегілермен танысты. Кітапханашы Тобжанова Әсел кітапхана тәртібімен таныстыра отырып, кітапты ұқыпты, таза ұстауды түсіндірді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: