1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
09
декабрь
2018

1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

 

 

 

 

 

 

 

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тқңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты талдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптастып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Ресбуликасының заңы 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті.

              Жылдағы дәстүрмен 1 желтоқсан – Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті күніне арнап  №158 жалпы білім беретін мектебінде ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, оқушыларға Тұңғыш Президенттің мемлекет қалыптасуындағы, дамуындағы еңбегі, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен,  болашақты көрегенділікпен саралап, өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаянымен таныстыру мақсатында іс-шаралар өткізілді. 1-11 сыныптар арасында «Мемлекет тарихы – менің елімнің тарихы», «История государства – история моей страны» тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты:Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып  білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу және шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.