«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ «Тіл – ұлттың жан тынысы, рухани үні, ең асыл қазынасы» атты Асылы Осман Әлиқызымен кездесу кешінің есебі » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ «Тіл – ұлттың жан тынысы, рухани үні, ең асыл қазынасы» атты Асылы Осман Әлиқызымен кездесу кешінің есебі
25
қараша
2019

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ «Тіл – ұлттың жан тынысы, рухани үні, ең асыл қазынасы» атты Асылы Осман Әлиқызымен кездесу кешінің есебі

«Тіл – ұлттың жан тынысы, рухани үні, ең асыл қазынасы» атты тақырыпта  қазанның 23 жұлдызында  сыр-сұхбат арқылы оқушылардың бойына тілге деген құрметті арттыру мақсатында белгілі қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік тілдің жанашыры, «Достық» және «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Асылы Осман Әлиқызымен №158 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кездесу болып өтті. 
              Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі ұйымдастырған кездесуге мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Еркін әңгімелесу түрінде өткен әсерлі кездесуде оқушылар Асылы Әлиқызының ұлттық құндылықтарды, ой-сананы, салт-дәстүрді, қазақы тәлім-тәрбиені дәріптеп, мемлекеттік тілді дамытуға байланысты айтқан ғибратты әңгімелерін тыңдады. Асылы ханым оқушылар өнерін тамашалап, тілегін білдірді.
Асылы Әлиқызы: «Білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық болуы қажет. Ахмет Байтұрсынов айтып өткендей – «Сөзі жоғалған ұлттың, өзі де жоғалады». Сол елдің тілін білген адам ғана, сол ұлттың жан дүниесін ұғып түсіне алады» деп сөзін түйіндеді.
              Кеш соңында мектеп директоры Сандыкбаева Гульнар Болатқызы Асылы Әлиқызының қазақ қоғамын рухани жаңғыртудағы ерекше орнын атап өтіп, жастарды осындай елжанды тұлғалардан үлгі-өнеге алуға шақырды.
                                                                                                                                                                                                     

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: