«Отбасы сағаты» акциясы » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
май
2019

«Отбасы сағаты» акциясы

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ
 Қалалық «Отбасы сағаты» акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар 

есебі


            Отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу болып табылады.

             Алматы қаласының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде «Қазақстан-2020 болашаққа жол»  мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында №158 жалпы білім беретін мектепте қалалық «Отбасы сағаты» акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп басшысымен бекітілді. 

            16 сәуір күні «Мектеп+бала+ата-ана» атты тақырыпта 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты:  Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру және Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын  біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес Нурманова С.Н. 4-сынып оқушыларының ата-аналарымен отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау мақсатында «Ата-ана мен бала арасындағы сұрақ-жауап» тақырыпта  командалық диспут өткізді.  Командалық диспутта  оқушылар мен олардың  ата-аналары да белсенді қатысты. 

Мамыр айының басында «Менің  отбасымым және мен» тақырыбында  1-4 сыныптар оқушылары арасында  сурет көрмелері ұйымдастырылды. Мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту болып табылады.

Сондай-ақ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Туралиева Д.А., Онгарбаева М.С., Дайырбек Н.Е. ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен «Мен және отбасым» атты эстафеталық спорттық ойындар өткізді. Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтайтын және қиыншылыққа бірге төтеп беретін отбасы болуға, оқушылардың озық ойлы, жоғары білімді, мәдениетті, денсаулығы мықты, салауатты, қайырымды, кішіпейіл, ізетті болуына негізделген. Отбасы күні кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, демографиялық саясатына елеулі  әсер ететін және әр адам үшін отбасының маңыздылығын көрсетеді. Эстафетаға 4 отбасы қатысты. Мектебіміздің ұлағатты ұстардары мен ата-аналардан әділ қазы алқалары құрылды. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Отбасын таныстыру, доппен секіру, отырып секіру сынды спорттық тұрғыда өтті. Бірінші орынға ие болган және ойынға бесенді қатысқан отбасылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қалалық «Отбасы сағаты» акциясын қорытындылау үшін 11 мамыр күні мәжіліс залында «Әке – асқар тау», «Алтын жүрек – ана», «Мейірімді ата-әже» атты әндер орындау, өлеңдер оқу мәдени-әдеби концерт өтті.







                                                    Мектеп директоры                            Сандыкбаева Г.Б.


     Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                         Рахметова Г.И.