«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына мен Жастар жылына орай өткізілетін іс-шара » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына мен Жастар жылына орай өткізілетін іс-шара
15
наурыз
2019

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына мен Жастар жылына орай өткізілетін іс-шара

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласына мен Жастар жылына орай өткізілетін іс-шаралар есебі


Тaмыpcыз тaл бoлмaйды,

Тapиxcыз eл бoлмaйды, - дeп кeлeтін мaқaл мeмлeкeт бacшыcының «Ұлы дaлaның жeті қыpы » aтты мaқaлacының бap мәнін aшып тұpғaндaй.

             Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласын жариялап, қалың жұрт­шылықты бір серпілтіп тастады. Тари­хы­мы­здың жеті қырын атай отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткені­мізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зер­делеуге үндеп отыр. Ондағы мақсат – өз­деріңізбен ой бөлісіп, ақылдаса отырып, бірге істейтін алдағы шараларымыз­ды айқындап алу. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына өскелең ұрпақтың бойына сіңіруі, жастардың қолдауы.  Елін , жерін мақтаныш етуі.

            №158 жалпы білім беретін мектепте Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласына мен  Жастар жылына  орай өткізілетін  іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспар бойынша 1-11 сыныптар арасында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Технология пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында 

көрме ұйымдастырылды. 
















Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдау негізінде мектебіміздің  жас мамандары арасында «Өткенімізді жаңғыртудың жарқын жолы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Мерекелік жиынға мектеп ұжымы қатысты. Мектеп директоры Сандыкбаева Гүлнар Болатқызы мерекелік жиынды құттықтау сөзбен шып берді. Сонымен қатар, Ардагерлер кеңесінің төрайымы Қонысбаева Күлбадан Аскаповна қатысып, жас мамандарға ақ тілегін айтып, ақыл-кеңес берді. 

            Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы келелі мәселерді талдау.

Жалпы, қазақ тарихы – жан-жақты тарих. Қазақ мәдениеті – жан-жақты мәдениет. Даланың қағандары мен хандары, билері мен батырлары, сардарлары мен сарбаздары, салдары мен серілері, тарих мұңын жоқтаған жырау да, табиғат мұңын шаққан сазгер де, сөз саптаған шешен де, найза ұстаған көсем де бола білген. Соған орай халық та осы сарбаздарын, ақындарын, сазгерлерін, шешендерін, көсемдерін шексіз құрметтеген, еркелеткен. Оларға еліктеген, таланттарына тағзым етіп, дарындарына қошемет көрсеткен.

          Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болатынын атап өткен президент төмендегідей жобаларды ұсынды:

Осы жобаларымызды толық түсіндіруге ортаға жас мамандарымызды шақырамыз.


             «Мұғалім» – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.



«Нашар ұстаз шындықты қайталайды, 

жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді. 

(Адольф Дистервег)


             Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Маткаримова Д.К. ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде 8-9-10 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалдық ойын-сабақ өткізді. 

Мақсаты:  Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін  
 арттыру.

            Интелектуалдық ойынға  үздік оқитын 11 оқушы қатысты.  Олар: Тойбол Аружан – 8 “Г” сынып, Амангелді Аружан – 8 “Г” сынып, Қосшыбек Нұрай – 8 “Д” сынып, Жеңіс Мағжан – 8 “Д” сынып , Усенова Римма – 9 “Г” сынып, Белгібаева Қарақат – 9 “Г” сынып, Барат Қызғалдақ – 9 “Г” сынып, Батырбаева Гүлім – 9 “В” сынып, Абдикеримов Арслан – 9 “В” сынып, Басымбек Фараби – 10 “Б” сынып, Смайл Айбек – 10 “Б” сынып. Ойын 5 асудан тұрды. І- асу – “Бәйге”, ІІ- асу – “Полиглот”, ІІІ - асу – “Жұмбақ”,  ІV - асу – “Көкпар”, V - асу – “ Жорға”. Әр сайыскер берілген сұрақтарға белсенді жауап беріп, алғырлық танытты. Интелектуалдық ойынның жеңімпазы 10 «Б» сынып оқушысы Смайл Айбек атанды. 

































1-наурыз күні Э.Е.Балакойшиева жетекшілік етіп 9 «В» сынып оқушылардың ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдау, қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халықымыздың тарихына үңіліп, өткен дара жолдарын еске түсіріп, ата-бабаларымыздың сара жолын тарихта қалдыру мақсатында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар ізденіп, берілген тақырыптарға жауапты қарап, атқа міну мәдениеті туралы атбегі Бағдаулет, металл өндіру туралы металлург Бекназар, Ұлы жібек жолы туралы саяхаттанушы Гүлім, қызғалдық пен алма туралы флористика маманы Асылжан, Ұлы дала есімдері туралы тарихшы Дильназ, кино өнерімен өнертанушы Ақжүніс, Түркі генезисімен шығыстанушы Аян баяндап берді. Сондай-ақ , Ұлы дала мұражайларына саяхат жасап, мұражайларды зерттеп, олар туралы түсінік берген Ақбота, Аяулым және Диана сынды оқушыларымыз. Журналистика мамандығын меңгергісі келген оқушыларымыз Абдикеримов Арслан мен Құдайберген Мағжанның тарихи мұражайларға барып, арнайы репортаждарын жасва, көрермендерге ұсынды. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын, деп 9 «В» сынып оқушылары «Қазақ елі» әнін шырқап, өз ұлтының ұлтандары екендігін, қазақ елін мақтаныш тұтатындығын көрсетті. 




































Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы негізінде мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері «Ұлы даланың ежелгі өнері» Алматы қаласындағы мұражайларға «Қазақ қолөнері» орталығына саяхат жасады. Балаларды музей экспозициясымен таныстырып, қазақ тарихы мен қазіргісін толыққанды түсіндірді. Музейде негізгі қызығушылық тудыратын экспонаттар сол замандардың айнасы іспеттес. Шолу экскурсиясы аяқталғаннан кейін, балаларға залдарды жетекшілерімен бірге аралау ұсынылды. Бұл ұсынысқа қуана-қуана келіскен балалар тарихи-өлкетану музейінен үлкен әсер қалдырғанын, ондағы заттар мен экспонаттар жоғары талғаммен іріктелгендігін жарыса айтты. Қазіргі заманда өскелең ұрпаққа, заттай дәлелдемелер, өткен ғасырлар сырын шертетін тарихи музей өте маңызды. Музейге бару, өз тарихын, өткен мен бүгіннің бір-бірімен тығыз байланысты екенін білу, сезу әр адамның адами борышы. Осындай шараны бірлесе атқарған музей қызметкерлеріне алғысымыз шексіз!
















































«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағ­дар­ламасының жаңа компоненттері ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлық өркениет жағдайында тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүм­­кіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы. 


Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, 

Қазақстан Республикасының Президенті
 
 





                             Мектеп директоры                                                        Сандыкбаева Г.Б.


                             Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары               Рахметова Г.И.

                             Тәлімгер                                                                       Қыйлыбай Б.К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: