«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қазан
2019

«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ 

2019 жылы 25 қазанда

«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»

атты бірыңғай сынып сағатын өткізу есебі


             Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 25 қазандағы 12.00-де  «Отбасы –тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы 2019 жылғы 21 қазандағы №01-13-7/3873-и хатын орындау мақсатында №158 жалпы білім беретін мектепте «Менің қымбатты және сүйіктілерім», «Бақытты адам өз үйінде бақытты», «Менің отбасымның тарихы», «Отбасындағы бос уақытты өткізу дәстүрі», «Менің сүйікті туыстарым», «Отбасының рухани құндылықтары» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 

           Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы. 

          Міндеттері: отбасы құндылықтарын қалыптастыру, улкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру, өз отбасының тарихын білу, сұранысты дамыту, балаларды моральдық тұрғыдан дамыту, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру және өзінің іс-әрекетіне анализ жасау, өзін-өзі тәрбиелеу, патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту.

           Ардагер  ұстаз-ана  Киселева В.М. 10-11 сыныптар арасында «Отбасының рухани құндылықтары» тақырыбында кездесу өткізді.


            Отбасының шешуші рөлін тану негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу - «Рухани Жаңыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің міндеті болып табылады.

           Отбасы әлеуметтендірудің маңызды институты және бала тұлғасының даму факторы болып табылады. Отбасының маңызды әлеуметтік қызметі - балаларды тәрбиелеу және дамыту, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру.  Отбасының тәрбие әлеуеті балалардың белгілі бір сапаларын қалыптастыруға бағытталған ата-аналардың рухани-практикалық қызметі саласындағы мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар отбасылық шағын орталықты, жалпы отбасының өмір салтын қалайтындарды да қамтиды. Сондықтан оқушыларды отбасына деген құндылықты қарым-қатынасқа тәрбиелеу бүгінгі таңда олардың болашақ отбасыларының әл-ауқаты ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғам мәселелерінің шешілуіне де байланысты басым педагогикалық мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен бірге ата-аналардың өз балаларын қоғамдағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті республиканың белсенді азаматтары ретінде тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі артып келеді.


                                                 Мектеп директоры                      Сандыкбаева Г.Б.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                   Рахметова Г.И.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: