«Судағы қауіпсіздік» » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
мамыр
2019

«Судағы қауіпсіздік»

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ«Судағы қауіпсіздік» шараларының алдын алу жұмыстарының
 есебі


           Төтенше жағдай дегеніміз – адамдардың  қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

           Алматы қаласы Білім басқармасы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар деартаментінің 2019 жылғы 14 ақпандағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының №4 хаттамасымен бекітілген 2019 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде Алматы қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында №158 жалпы білім беретін мектепте 5-11 сыныптар арасында сап түзеу жүргізіліп,   «Судағы қауіпсіздік», «Безопасность на воде» тақырыптарда 1-11 сыныптар арасында  сынып сағаты өтіп, бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: Төтенше жағдайлар, оның ішінде қауіпті су жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру.

Сонымен қатар «Жауапкершілік – қауіпсіздік кепілі», «Ответственное поведение – залог безопасности» атты тақырыптарда диктанттар алынды. Диктантта судағы қауіпсіздік ережелері айтылған. Олар: Арнайы қолайлы жерлерде суға түсу, таныс емес жерлерде суға сүңгімеу, суда ойын кезінде бір-бірлерінің қол немесе аяқтарын ұстамау, жүзу білмейтіндер 1,2 метр тереңдікпен арнайы қолайланған жерлерде түсу, т.б. сынып жетекшілер ата-аналардан «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» бойынша  қолхат алып, «Судағы қауіпсіздік», «Безопасность на воде» атты тақырыптарда ескертпе парақтар таратты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: