«Балалар туризмі кезіндегі қауіпсіздік шараларының алдын алу» » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балалар туризмі кезіндегі қауіпсіздік шараларының алдын алу»
07
мамыр
2019

«Балалар туризмі кезіндегі қауіпсіздік шараларының алдын алу»

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ
 
«Балалар туризмі кезіндегі қауіпсіздік шараларының алдын алу» жұмыстарының есебі


              Балалар мен жасөспірімдер туризмі – ішкі туризмді дамыту мен туристік мәдениетті тәрбиелеудегі ең іргелі факторлардың бірі болып табылады. 
Балалардың  туризмнің түрлі түрлерімен айналысуы азаматтық, туристік мәдениет және қонақжайлылық ережелерін қалыптастыруға көмектеседі.

             Қазіргі уақытта Алматы қаласының туризм басқармасы аймақтағы туризм саласын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Даму бағыттарының бірі – жастар туризмі. Туризмнің  түрлерін дамыту негізінде №158 жалпы білім беретін мектепте балалар мен жасөспірімдер туризмі туристік мәдениетті тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану, еріктілік қасиеттерін дамыту, балалардың маңызды білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында 1-11 сыныптар арасында «Туристік салалар мен туризмнің түрлері», «Тауға шығу техникалық дайындық» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Сонымен қатар, «Балалар туризмі» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахметова Г.И. баяндама оқып, балалар туризмі кезіндегі қауіпсіздік шараларының алдын алу ережелері түсірілген бейнеролик көрсетілді. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: