«Қазақстан – мейірімділік мекені» » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сәуір
2019

«Қазақстан – мейірімділік мекені»

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ

«Қазақстан – мейірімділік мекені» атты наурыз айында өткізілген республикалық балалар бастамасының есебі


               Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 28 қарашадағы №3-15-6/4473-И хатына сәйкес, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұсыныс хаты негізінде «Ризашылық» - «Балалардың игілігі үшін мейірімділік» атты қайырымдылық мерекесін мерекелеу шеңберінде №158 жалпы білім беретін мектепте педагогтардың, ата-аналардың белсенді қатысуымен қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеуге, қайырымдылық пен қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған «Жүректен жүрекке», «Сүйіспеншілік пен қамқорлықты сыйлау», «Алғыс – жүректің естелігі», «Шаттық пен ізгілік шеңбері» және т.б. сынып сағаттары, әңгімелер жүргізіліп, ашық тәрбие сағаттары сынды іс-шаралар өткізілді. 

Сонымен қатар өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сулайманова Г.Б. 9 «В» сынып оқушыларына «Сүйіспеншілік пен қамқорлықты сыйлау» тақырыбында тәлімгерлік сабақ өткізді. «Ризашылық» - «Балалардың игілігі үшін мейірімділік» мерекесіне орай өткізілген тәрбиелік мәні бар сынып сағаттары, қайырымдылық концерттер, сабақтар арқылы оқушыларды жәрдемдесуге үйретіп, адамзатқа қамқор болуға шақыратын нағыз тәжірибелік іс-шаралар болды деп айталамыз.

Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға, бауырларына  

мейірімділік таныта білуі керек. 








Мектеп директоры                            Сандыкбаева Г.Б.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                  Рахметова Г.И.

                                                                Тәлімгер                Қыйлыбай Б.К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: