«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ «18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнінің» есебі » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ «18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнінің» есебі
15
сәуір
2019

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ «18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнінің» есебі

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ

«18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнінің» есебі 


Өткен күні: 15 сәуір 2019 жыл 

Тақырыбы:  «Мәдени ескерткіштер тарихтан сыр шертеді»  

Өткен орны: №158 жалпы білім беретін мектеп ауласы, 

монументалды Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіші

Қатысушылар: 5-10 сыныптар (130 адам)

Басты мақсаты: Жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру. Ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру.  Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу.

                «18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні»  -  бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы осынау атаулы күнді бекіткен болатын. 

              Қазіргі таңда Алматы қаласында 138 республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан. Республикалық маңызы бар ескерткіштердің мемлекеттік тізімі қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №119 бұйрығына сәйкес, ал Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы №4/840 қаулысымен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілген. 

            Осыған сәйкес, №158 жалпы білім беретін мектепте «Мәдени ескерткіштер тарихтан сыр шертеді» тақырыпта 5 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өтіп, мектеп ауласында орналасқан монументалды Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішін күтіп ұстау және олардың қорғау аумағына көріктендіру және тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мүсіннің еліне еңбегі сіңген азаматқа  қойылған құрмет екенін жеткіншектер санасына сіңіру мақсатында «Ескерткіштер – ел мұрасы» атты тақырыпта 9-10 сыныптар арасында шығарма байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің үздік, әдеби-шығармашыл оқушылары қатысты.

            Пікір: Ескерткіштер туралы оқушылар өздеріне керекті мағлұматтарды алып, ескерткіштер түрімен танысу барысында көненің көзі, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушылар оны қастерлеуге, құрметтеуге үйренді. Сонымен қатар, мүсіннің еліне еңбегі сіңген азаматқа  қойылған құрмет екенін жеткіншектер санасына сіңіре білді.  

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры                    Сандыкбаева Г.Б.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары                             Рахметова Г.И.

                                                                                                    Алмабеков Е.А.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: