«Желбіре жеңіс жалауы» » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
мамыр
2019

«Желбіре жеңіс жалауы»

«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ

9-мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай өткізілген 

«Желбіре жеңіс жалауы» атты іс-шараның 

есебі


Өткен күні: 6 мамыр 2019 жыл 

Тақырыбы:  «Біз соғысты көрген жоқпыз...»

Өткен орны: №158 жалпы білім беретін мектеп ауласы, 

монументалды Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіші, 

мәжіліс залы

Қатысушылар: Ардагерлер, 5-11 сыныптар (135 адам)
 
             Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

             Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 – мамырда  Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 74 жыл мерзім уақыт өтті. 

Биыл Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай  №158 жалпы білім беретін мектепте «Желбіре жеңіс жалауы» атты тақырыпта Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен кездесу өтті. Сондай-ақ, «Біз соғысты көрген жоқпыз...» деген ұранмен мектеп ауласында орналасқан монументалды Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішке тағзым етіп, гүлшоқтары қойылды.  Кездесуге  Ұлы Отан соғысының ардагерлері арнайы шақырылып, мектеп әкімшілігі мен Гаврик Т.Ж. 7 «Б» сыныбымен  ұйымдастырған мерекелік жиын болып өтті. Шәкірттеріміз ардагерлерге арнап патриоттық әндер айтып, би билеп, өлеңдер оқыды. Мерекенің соңында ардагерлер  сөз сөйлеп, мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларына  алғыстарын білдірді.  Ал оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагеріне, Тың ардагерлеріне арналған сыйлықтарын  табыстады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: