"Жалпыадамзаттық құндылықтар- отбасы тәрбиесінің негізі" » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жалпыадамзаттық құндылықтар- отбасы тәрбиесінің негізі"
16
қараша
2021

"Жалпыадамзаттық құндылықтар- отбасы тәрбиесінің негізі"


Берикканова Жанар Бериккановна жетекшілігімен 16.11.2021 жылы "Жалпыадамзаттық құндылықтар- отбасы тәрбиесінің негізі" атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында міндеттерін толық түсініп, қойылған мақсаттарына жетті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа рухани- адамгершілік тәрбие беру ата-ананың басты парызы екендігін жәнеотбасы тәрбиесі адами биік қасиеттерді қалыптастырудағы негізгі алғашқы сатысы екендігін түсіндіру. 

Міндеттері: Жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру. Ата-аналардың жалпыадамзаттық құндылықтарды бала тәрбиесіне және тұлға бойын дұрыс қалыптастыра білу дағдыларын дамыту. Ата-аналардың бойында отбасындағы бір-біріне деген сүйіспеншілік, мейірімділік, сыйластық сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Жалпыадамзатттық құндылықтар
Ең тиімді құндылықтар жүйесінің жіктемесін ғалым Т.И.Петракова ұсынған, ол құндылықтарды үш түрге: табиғи , жүре пайда болған және абсолюттік деп бөлген. Абсолютттік жалпыадамзаттық құндылықтар-ол уақытқа бағынбайтын, белгілі бір адамдардың шеңберіне тәуелді емес, бүкіл адамзат үшін маңызды құндылықтар. Адамның жаны тыныш болса, отбасында татулық орнайды Отбасында тыныштық болса, қоғамда татулық орнайды Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте татулық орнайды Мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде татулық орнайды. Сондықтан, Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.
Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі.
 Ұл балалар және қыз балалар тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана. Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қарапайымдылық, адамгершілік сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп,өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы шешуші рөл атқарады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: