Хаттама №4. Қашықтықтан ата-аналар жиналысы » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
мамыр
2020

Хаттама №4. Қашықтықтан ата-аналар жиналысы

«№158 жалпы білім беретін мектеп»КММ

 Қашықтықтан  ата-аналар жиналысы өткізілді


Хаттама №4

Күні: 02.04.2020 ж

Сыныптар: 1-11 

Қатысқаны: 685

Қатыспағаны: 0     


Тақырыбы: «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?»

Күн тәртібінде:

  1. Баяндама: «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру». 
  2. Қашықтықтан оқудағы ата –ананың  міндеттерін түсіндіру 
  3. Балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектеп жіберген ұсыныстарды түсіндіру (Қандай ресурстарды пайдалану керектігін түсіндіру)
  4. Карантин індетіне байланысты жадынамамен таныстыру, пандемиялық жағдайға байланысты жалған ақпарат таратудан сақ болу
  5. «Ағымдығы мәселелер»

Тыңдалды:

 Ата-аналар жиналысы дистанционды түрде «ZOOM» платформасы арқылы өтті.     Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшілер «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында түсіндірме жасады. Баяндама барысында ата-аналарға мектебімізде қашықтықтан оқыту қалай жүргізілетіні туралы айтылып, презентация көрсетілді. Баяндамадан түйгендері мен презентациядан көргендерін ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті.

 Екінші мәселе «Қашықтықтан оқудағы ата –ананың  міндеттерін түсіндіру» бойынша сынып жетекші таныстырып өтті, осыған байланысты арнайы дайындалған жадынамамен таныстырып, ата-аналардың пікірін тыңдап, ой бөлісті. Жарыссөзге  барлық ата-аналар шығуға тырысты. Барлық ата-анаға ортақ

мәселе интернет желісі  тоқтап қалу, үзіліп кету, қосылмай ұзақ уақытты алу  мәселелері. 

«Мен  қашықтан   қалай  оқимын?»  жөнінде   ешқандай  қиыншылықтар туындаған  жоқ. ZOOM платформасы қиындықтар  туғызатынын  айтты. (интернеттің дұрыс  ұстамауы, дауыстың дұрыс  естілмеуі) Ата-аналар  ватсаппен және мүмкін болған барлық желілермен  оқыған  ыңғайлы   деген ұсыныс білдіреміз.

Орыс тілі мұғалімі Ламаева Ж.Н.:  ZOOM және WHATSAPP

платформасын ыңғайлы деп санаймын.Ата-аналар тарапынан туындайтын мәселелерді тыңдап отырып, екі бағытты таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Мүмкіндігі болмай, қиналған оқушылар WATSAPP желісі арқылы тапсырмаларын алады. Және олардың жауаптарын тексеріп. Қайтаа кері байланыс жасап отыру дұрыс жолға қойылады.

Ағылшын тілі мұғалімі Ахмуллаева М.М.: Мен ағылшын тілі сабағын әр 

оқушының мүмкіндігін ескере отырып, ZOOM, WATSAPP платформалары арқылы орындатамын, кері байланыс жасап , үнемі байланыста боламын.

     Үшінші мәселе: сынып жетекші балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектеп жіберген ұсыныстарды түсіндірді, презентация арқылы таныстырып,қандай ресурстарды қолдануға болатынын айтты. Ата-аналарға біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүзеге асатындығы туралы айтылды. Оның ішінде сабақтың 6.04.20 жылы басталатындығы және әрбір сабақ 30 минуттан болатындығы, сонымен қатар 10-сыныптарда сабақ сағат 14.00 басталатындығы айтылды. Ата-аналарға сабақ және үзіліс уақыттары көрсетілді. Мектепте оқу “ZOOM, Classroom” платформалары, «BILIMLAND, KUNDELIK.KZ”   және ватсап мессенджері арқылы ұйымдастырылды. Әр пән бойынша ватсап топтар ашылды. Оқушыларға сабақ кезінде мұғалімдер тарапынан қысым көрсетілмейді.

    Төртінші мәселе «Карантин індетіне байланысты жадынамамен таныстыру, пандемиялық жағдайға байланысты жалған ақпарат таратудан сақ болу» туралы кеңестер берілді, слайдпен көрсетіліп өтті,сынып жетекші ата-аналарға баламен сөйлескенде қандай көңіл күйде тұрса да эмоциясын тежеп,  сабырлы болу керектігін айтты

    Бесінші мәселе «Ағымдығы мәселелер» (Оқушының тәртібі, қашықтықтан оқытуда оқушының таза, ұқыпты киінуін қадағалау,сабаққа қатысуы, мектеп ережелерін сақтауы Kundekik.kz») қарастырылды, «Kundekik.kz»  мәселесіне ерекше тоқталып, ата-аналарды күнделіктің функцияларымен таныстырып,  қалай дұрыс жұмыс жасау керектігін түсіндірді. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды. Мысалы: кейбір ата-аналарда интернет желісі нашар екендігі, ZOOM платформасымен жұмыс істеу қиынға соққандығы айтылды.







                                                  













                                                







                                          Қаулы қабылданды:

1. «Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда ата-ана тарапынан балаға жағдай жасау, қолдау көрсету;

2. Педагогикалы-психологиялық кеңестерге құлақ түріп, бала психолгиясына көңіл аудару керектігін назардан тыс қалдырмасын;

3. Уақытымен күнделікке кіріп, баланың сабақ үлгерімін бақылауда ұстау;

4. Балалардың психологиялық жағдайына назар аудару;



                                           Мектеп директоры:                    Сандыкбаева Г.Б.

                                           Хатшы:                                       Рахметова Г.И.              


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: