ҚР- ның білім беру ұйымдарында өтетін жалпыұлттық ата- аналар жиналысының хаттамасы » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚР- ның білім беру ұйымдарында өтетін жалпыұлттық ата- аналар жиналысының хаттамасы
17
мамыр
2019

ҚР- ның білім беру ұйымдарында өтетін жалпыұлттық ата- аналар жиналысының хаттамасы

ҚР- ның білім беру ұйымдарында өтетін 

жалпыұлттық ата- аналар  жиналысының хаттамасы


«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы » 



Мерзімі: 15  мамыр 2019 жылы

Уақыты:  18.30

Өтетін орны:   №158 ЖББМ, Мәжіліс залы

Жиналысқа қатысушылар: 

Ата- аналар  - 145

Мектеп директоры  Сандыкбаева Г.Б.

Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер


Аталған іс-шараның мақсаты – ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде. 




                                            Күн тәртібінде


 1.«Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың   
сапасы» баяндама 

     Жауапты:  Танкенова Ү.С., Байдильдаева С.Т.

2.Мектеп оқушыларын тәрбие беру және оқытудың  негізі ретінде 
     «Рухани   жаңғыру» бағдарламасын іске асыру.
     Жауапты:  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмабеков Е.А.    
3.9, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы және оқу 
     жылының  қорытындысы. 
     Жауапты: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Рсаева А.Ж.


4.   Әртүрлі мәселелер.

      А)  Міндетті мектеп формасын сақтау









Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша химия пәнінің мұғалімі Танкенова Ү.С.,Байдильдаева С.Т.  сөз алып, «Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың  сапасы»  тақырыбында баяндамасын оқып, Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қалып отыр. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. 

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». 

   Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.  Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн.
  Бала бақытының кепілі  - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.

   Тыңдалды:  екінші мәселе бойынша  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Алмабеков Е.А., тарих пәнінің мұғалімі  Карибжанова Л.С. сөз алып, «Мектеп оқушыларын тәрбие беру және оқытудың  негізі ретінде  «Рухани   жаңғыру» бағдарламасын  іске  асыру»  тақырыбында  баяндамаларын оқып,

 1.Қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағытын (бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық сәйкестікті сақтау; білім беру ғұрпы; революциялық емес, Қазақстанның эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы) насихаттау мақсатында  ата-аналарды «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы туралы хабардар етті.2018-2019 оқу жылында Кіші бағдарламаны іске асыру шеңберінде өңір және мектеп қызметімен ата-аналарды таныстырып өтті.Аталған тақырып бойынша бейне роликті көрсетіліп  өтті.

  1.«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаты - біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылады.

 2.2018 жылы 890 022 адамды қамти отырып, 11 республикалық және 308 өңірлік іс-шара іске асырылды.«ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ» базалық бағыты. Мақсаты: шынайы прагматимз синергиясында және біртұтас ұлы ұлтқа тәнділік сезімі бар білім беру ғұрпында тәрбиеленнен жеке тұлға. 

 «ӨЛКЕТАНУ» базалық бағыты. Мақсаты: Қазақстанның игілігіне арналған істерге қатысуға дайын өзінің кішкентай отанының тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне деген құрмет пен белсенді азаматтық позициясы бар патриот.  

 «САНАЛЫ АЗАМАТ» базалық бағыты. Мақсаты: бүкіл өмір бойы білім алуға, қоршаған әлемнің сын-тегеурінін қабылдауға және өзінің өмір сүру сапасына қанағаттануға дайын жалпы адами құндылықтар және бәсекеге қабілеттілік негізінде белсенді өмірлік стратегиясы бар әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ететін жағдайларды жасау. 

  Тыңдалды:  үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары  Рахметова Г.И. сөз алып, Бастауыш білім беруді қамту бойынша Қазақстан әлемнің 137 елі арасында 4-ші  орынды иеленді. «Адам даму индексі» рейтингінде Қазақстан 188 мемлекеттің ішінен 56-шы орынға ие.

        3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 90,5%. Беделді халықаралық олимпиадалардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы мектеп оқушылары арасында әлемде 10-шы орынды иеленді.

          2018 жылы қазақстандық мектеп оқушылары 661 медальді, соның ішінде 125 алтын медаль, 197 күміс медаль, 327 қола медаль, 12 құрмет грамотасымен марапатталды. 51 шетелдік университеттермен бірге 50 ЖОО-да екі дипломдық  білім беру бағдарламалары оқытылады.

    Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Сонымен қатар мектептегі ғылыми жоба, олимпиада жүлдегерлерін, спорт бойынша реупубликалық, қала, аудан жетістіктерін слайд арқылы көрсетіп, тоқталып өтті.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі төртінші  мәселе бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рсаева А.Ж.сөз алып,    

    Ата-аналарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 01 ақпандағы №53 «2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестатаудан өткізу туралы» бұйрығы негізінде, сондай-ақ меншік  білім беру ұйымдарында  2018-2019 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтау мақсатында оқу жылын аяқтаудың баланың қорытынды аттестаттау кезеңінде отбасы мүшелеріне арналған мектеп психологиялық қызметінің ұсынымдарымен таныстырып өтті. ҰБТ бойынша бейне роликтері көрсетілді.

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 01 ақпандағы №53 «2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестатаудан өткізу туралы» бұйрығы негізінде, сондай-ақ меншік  білім беру ұйымдарында  2018-2019 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтау мақсатында оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері айқындалды:

1) меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағынышты орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары - 2019 жылғы 25 мамыр;

2)  9 (10) сыныптардың қорытынды бітіру емтихандары - 2019 жылғы 27- мамырдан бастап - 6 маусымды қоса алғанда, мемлекеттік бітіру емтихандары - 2019 жылғы 28- мамырдан  бастап - 30 маусымды қоса алғанда.

9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімде өткізіледі:

1) таңдаған пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстанның тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша ауызша емтихан - 2019 жылғы 27 мамыр;

2) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде білім беретін мектептерде қазақ тілі бойынша ауызша емтихан  және қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша ауызша емтихан - 2019 жылғы 30 мамыр;

3) ана тілі мен әдебиеті бойынша (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтихан (шығарма - гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп үйрететін мектептердің білім алушыларына арналған, диктант - қалғандары үшін) - 2019 жылғы 3 маусым;

4) математика бойынша жазбаша емтихан - 2019 жылғы 6 маусым.

11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімде өткізіледі:

1) ана тілі мен әдебиеті бойынша (оқыту тілі) жазбаша емтихан - 2019 жылғы 28 мамыр;

2) таңдаған пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша тестілеу - 2019 жылғы 31 мамыр;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде білім беретін мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу - 2019 жылғы 31 мамыр;

4) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан - 2019 жылғы 4 маусым;

5) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 2019 жылғы 7 маусым.

Білім алушылардың қайталама қорытынды аттестаттауы 2019 жылғы 10-30 маусым аралығында өткізіледі.

 Сонымен қатар мектеп директоры Сандыкбаева Г.Б. өз сөзінде Оқу процесін цифрландыру туралы да айтып, Мектептің оқу процесін цифрландыруды дамытуға ата-аналарды тарту туралы «Информатика» пәнінің мұғаліміне,  «Білім Lend» және «Күнделік»  туралы айтып, ондағы Оқу процесін цифрландыру шеңберінде ІТ құзыреттерін,  3D-принтингті, робот техникалары мен бағдарламалаудың маңызды тілдерін ескере отырып, 5-11 сыныптар үшін «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны қайта қаралды.

«Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде бағдарламалау тілдерін зерттеудің қолданбалы бағыттылығын тереңдету, «қарапайымнан күрделіге» қағидаттарын және сабақтастықты сақтау,  компьютерлік желілер және эргономика бойынша нақтыланған тақырыптарды қосу. Жалпы  алғанда, «Информатика» пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын қайта қарау мектеп оқушыларында жаңа және сұранысқа ие болған АКТ дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Жыл сайын 2500 мұғалім робот техникасы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.Республикада робот техникасы үйірмесін ашқан небәрі 1626 мектеп, оның ішінде 32668 мектеп оқушысын жалпы қамтумен 1626 үйірме.  




Ағымдағы мәселелер бойынша:

  1.25 мамыр -1 маусым аралығында оқушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыру іс-шаралары.  Жаздағы бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

-Әр ата-анадан қолхат алу

-Түсіндірме жұмыстарын жүргізу

-Құқықбұзушылықтың алдын алу

-Түрлі апаттардан сақтану шаралары таныстырады.

2.Музейлерге, кинотеатрларға, ойын-с ауықтыру орталықтарына саяхаттар ұйымдастыру

  Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балалары тегін жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. (кезеңмен)

 2019-2020  оқу жылындағы  мектеп формасының  үлгісімен таныстырып,көрсетіп, әсіресе қыздар формасына  баса көңіл бөлу керектігіне тоқталып өтті.


        Жалпыұлттық ата- аналардың жиналысының қаулысы:


Орта білімнің жаңартылған білім мазмұнына көшуі кезең- кезеңімен іске асырылсын.

Мектептерде қамқоршылық кеңесі қызметтері туралы және демеушілік көрсету мен қайырымдылық таныту туралы ұсыныстар барлық сыныптардың ата- аналар жиналыстарында таныстырылсын және жұмыстары жандандырылсын.

5-10 сынып оқушыларының сыныптан сыныпқа көшу емтихандарының және 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау емтихандарына дайындық жұмыстары жүргізіліп, қосымша сабақтар ұйымдастырылсын.

Мектеп директорының   оқу жылының аяқталуы туралы бұйрығы жүзеге асырылсын.

Оқушылардың жазғы уақыттағы қауіпсіздіктері ата- аналарға міндеттелсін, әр оқушының ата- анасынан жазбаша түрде  қолхаттар  алынсын.  

Мектепте ақша жинауға тыйым салынсын.



Жиналыс төрайымы:                      Сандыкбаева Г.Б.

Хатшысы:                                       Рахметова Г.И.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: