ҚР- ның білім беру ұйымдарында өтетін Қамқоршылық кеңесі жиналысының хаттамасы » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚР- ның білім беру ұйымдарында өтетін Қамқоршылық кеңесі жиналысының хаттамасы
14
мамыр
2018

ҚР- ның білім беру ұйымдарында өтетін Қамқоршылық кеңесі жиналысының хаттамасы

ҚР- ның білім беру ұйымдарында өтетін

Қамқоршылық кеңесі жиналысының хаттамасы

 

Мерзімі: 12 - мамыр 2018 жылы

Уақыты: 18.30

Өтетін орны: №158 ЖББМ, Мәжіліс залы

Жиналысқа қатысушылар:

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері - 13

Мектеп директоры - Сандыкбева Г.Б.

Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер.

 

 

Күн тәртібінде

 

1. «Қамқоршылық кеңес» жұмыс жоспарының орындалуы туралы.

Жауапты: Қамқошылық кеңесінің төрайымы Жанузакова А.А.

2. Мектеп кітапханасын әдеби кітап қорымен толықтыру.

3.Ағымдағы мәселелер.

Тыңдалды:Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесін төрайымы Жанузакова А.А. сөз алып,тыңдалды. Қамқоршылық кеңестің мүшелері арасында жылдық қорытындылау және жаңа мәселелерді талқылау үшін отырыс өтті. Кеңес білім мекемесінің оқу-тәрбие үдерісін жандандыру, Даму бағдарламасының орындалуын, материалды-техникалық, интелектуалдық, ақпараттық, қайырымдылық көмек көрсету, қаржыландыру, Кеңес Білім мекемесінде сапалы, нәтижелі білім, тәрбие беру кезеңінде жағдайын жақсарту, сонымен қатар Білім мекемесінің ішкі, сыртқы аумағын көркейтуді қаржыландыру мақсатында «№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 9 бабының 44 тармағында, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығы мен Білім мекемесінің жарғысына сәйкес өзін-өзі басқару жобасын, болашақта даму және Білім мекемесі қызметін бюджеттен тыс қаржыландыру ресурстарын қамтамасыз ету үшін қазан айының 19-ы күні Қамқоршылықкеңесі құрылды. Қамқоршылықкеңес құрамына әлеуметтік серіктестерінің өкілдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ата-аналар мен педагогикалық кеңес өкілдері, қайырымдылық көрсететін жеке тұлғалар мен демеушілер кіреді және еріктілер мүшелік етеді. Кеңес мүшелерінің дәрежелері тең. Мектепте «Қамқоршылық кеңесін құру туралы» №180 бұйрығы 19 қазан күні шығып, мектеп басшысымен эксперименталдық түрде Қамқоршылық кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру жөніндежұмыс тобы бекітілді.

Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахметова Г.И. 19- қазанға дейін Қамқоршылық кеңес құрамын, жұмыс жоспарын, мектептің қамқоршылық қорыныңқағидасын және тексеру комиссиясының мүшелерінің жобасын дайындап, Қамқоршылық кеңес ұйымдастыру туралы жалпы ата-аналар жиналысы өткізді. Жиналыста Қамқоршылық Кеңестің мүшелерінің төрағасы мен төрағасының орынбасары және хатшысының міндеттерімен таныстырып, Қамқорлық кеңес 4 бағыт бойынша жұмыс жасайтыны туралы айтып өтті.

Міндеттері:

1. Білім мекемесіне қосымша қаражат қарастыру, қолдап отыру.

2. Қамқоршылық кеңес «Қоғамдық қайырымдылық қорын» құру.

3. Қамқоршылық кеңес мектеп әкімшілігімен қаржы мәселесінде тығыз байланыс жасап қана қоймай, басқа да маңызды мәселелерді шешуде әріптестік және түсінушілік қарым-қатынас орнату.

4. Мектептің бюжеттік емес қаражатын қарастыру мақсатын көпшілік ортасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

5. Жергілікті базар, дүкен, кәсіпорын иелерін демеушілік жасауға тарта отырып, ата-аналардың төлем жарнасын азайтуды қарастыру сынды және т.б.

Қамқоршылық кеңестің мүшелері мен мектеп басшысы, әкімшілікпен ынтымақтастық келісімшарт жасалып, бюджеттік есепшоты заңды түрде ашылып, бекітілді. Бюджеттік есепшотты қаражатын ерікті Қамқоршылық кеңестің мүшелері қаржыландыра алады. Бюджетке түскен қаражат тиісті қажеттілікке жұмсалуын қатаң бақылауға алынады. Қаражатты мемлекеттік білім мекемесінде мектеп оқушыларының арасында өтетін интелектуалды-шығармашылық байқаудағы жүрдегерлерді ерекше жетістіктері үшін шәкіртақы немесе сыйақы тағайындауға да жұмсалады.

Отырыста білім алушылар мен білім берушілерге материалдық көмек қажет ететіндігіжәне оларға көмек беру туралы айтылды. Қайырымдылық қаржының түсу реті мен жұмсалуын белгіледі. Қазіргі таңда демеушілер тарапынан Қайырымдылық есепшотқа 10000 теңге аударылғаны да айтылды. Қазіргі таңда демеушілер тарапынан Қайырымдылық есепшотқа 10000 теңге аударылғаны да айтылды. Ол қаржы уақытында тиімді іс-шараларға жұмсалынады.

Тыңдалды: екінші мәселе бойынша 2018 жылы жалпы орта білім беретін ұйымдарда Астананың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі -Астана» мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы:

-«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына;

-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»;

-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі;

-«2017-2018 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу туралы» ҚР білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №74 бұйрығын таныстырылып, іс-шараның мақсаты мен міндеттері айқын көрсетіліп, түсіндіріліп өтті. Сонымен қатар қайырымдылық акциялар жөніндегі түлектер бастамасын қолдау «Түлектер кешінің орнына – балалар өмір сақтау», «Туған елге-тағзым», «Жасыл табиғатты қорғайық» т.б., өңірлік «Мектепкекітаптар сыйла!», «Өз мектебіңе көмектес!» атты акцияларына қатысуға шақырып, түсіндіріп өтті.

Ағымдағы мәселелер бойынша:

1.25 мамыр -1 маусым аралығында оқушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыру іс-шаралары. Жаздағы бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

-Әр ата-анадан қолхат алу

-Түсіндірме жұмыстарын жүргізу

-Құқықбұзушылықтың алдын алу

-Түрлі апаттардан сақтану шаралары таныстырады.

2.Музейлерге, кинотеатрларға, ойын-с ауықтыру орталықтарына саяхаттар ұйымдастыру

Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балалары тегін жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. кезеңмен)

Мектепішілік жазғы лагердің жоспары, бұйрықтарымен таныстырып, атқарылатын жұмыстары туралы таныстырылып өтілді.

2018-2019 оқу жылындағымектеп формасының үлгісімен таныстырып,көрсетіп, әсіресе қыздар формасынабаса көңіл бөлу керектігіне тоқталып өтті.

 

Қамқоршылық кеңесі жиналысының қаулысы:

1.Мектебіміздегі кітапхана қоры жыл сайын толықтырылып, заманауи үлгіде жабдықталып отырылсын.

2. Болашақта мектепоқушыларына белгілі тұлғаларменкездесулер, семинарлар өткізілсін.

 

1.Жанузакова Айнур Абубакирсыдыковна – Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, «Дәстүр» мейрамханасы, бас бухгалтер.

2.Муратұлы Талғат – Әуезов ауданы, жергілікті өзін-өзі басқару органының төрағасы

3.Азимбаев Нургали Толеугазиевич – Алматы қаласы ҰҚК қауіпсіздік қызметі, полковник

4.Боханова Эльвира Гатаугалиевна – Алматы адвокаттарұйымы, адвокат

5.Бутаева Жансұлу Ержановна – ҚазНУ, есепші

6.Саманова Аида Камильевна – «California academy» тіл курсы, оқытушы

7.Аманбеков Ермек Бопанович - ПК «Бірлік», директор

8.Лиликова Татьяна Борисовна – Жеке тәуелсіз сараптама, психолог

9.Пак Элена Геннадьевна – MO «Lift group», офис – менеджері

10.Смаилова Несибелди Байкеновна – МВД бөлім басшысы (зейнеткер)

11.Есжанова Марияш Арипхановна –«Алатау Жарық» компаниясы,контролер

12.Туремуратова Лайла Нурсаповна - №1 ҚБА , медбике

13.Тихонова Елена Константиновна – ТОО «Қазақ Домофон», директор

 

 

 

Жиналыс төрайымы: Сандыкбаева Г.Б.

Хатшысы: Маткаримова Д.К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: