24
қаңтар
2015
Конкурс о горячем питании на казахском языке
Посмотреть онлайн файл: menyu-pitanie-2015.pdf
Посмотреть онлайн файл: Konkursnaya-dok.-na-kazahskom-yazyke.doc
Посмотреть онлайн файл: Obyavl.-o-konkurse-na-kazahskom-yazyke.doc Алматы қаласы, Білім басқармасының «№158 ЖББМ» КММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларына
2-қосымша
Конкурс туралы хабарландыру
Алматы қаласы Білім басқармасының «№158 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
050052, Алматы қаласы, Мамыр ықшам ауданы, Степная көшесі №8 үй
Email: almatyschool158@mail.ru
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Қызмет:
Алматы қаласы Білім басқармасының «№158 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет алатын оқушы саны 1020, бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтанатын 582 (534+48) оқушы, аталған қызмет бойынша бөлінген сомада 8 520 040-65 (Сегіз миллион бес жүз жиырма мың қырық теңге 65 тиын) құрайды, ҚҚС қоспағанда көрсетілуі тиіс.
Қызметті көрсету мерзімі 01.03.2015ж. - 25.05.2015ж. аралығында.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2015 жылғы "16" ақпан 10-00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекен-жай бойынша: Мамыр ықшам ауданы, Степная көшесі, №8үй, бөлме № 203 сағат 09-00-дан 16-00-ге дейін және/немесе http://158.allcschools.kz/ интернет-ресурсынан алуға болады.
Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер Алматы қаласы Білім басқармасының «№158 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
мына мекен-жай бойынша : Алматы қаласы, Мамыр ықшам ауданы, Степная көшесі №8үй, № 203 бөлмеге жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 16 ақпан күні сағат 10.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 16 ақпан 2015 ж. сағат 12-00 -де
мына мекен-жай бойынша Алматы қаласы, Мамыр ықшам ауданы, Степная көшесі №8үй, кабинет № 304 бөлмеде ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады: 8 (727) 293-61-70,293-61-36