Астананың 20 жылдығына «Волейболдан» ұстаздар, ата-аналар арасында өткен жарыс. » КГУ «Общеобразовательная школа № 158» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№158 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 293-61-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 293-61-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Астананың 20 жылдығына «Волейболдан» ұстаздар, ата-аналар арасында өткен жарыс.
22
қазан
2018

Астананың 20 жылдығына «Волейболдан» ұстаздар, ата-аналар арасында өткен жарыс.



«№158 жалпы білім беретін мектеп» КММ

 Астананың 20 жылдығына «Волейболдан» ұстаздар, ата-аналар арасында өткен жарыс.


Астана – отанымыздың жүрегі ғана емес, ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Көзді ашып жұмғанша Елордамызға да 20 жыл толды. Бұл айтулы мерекені тойлауға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Өкімге қол қойған болатын. Елордамыздың негізгі нышаны, Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім Бәйтерегіміз, әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген тамаша өнер туындысы – «Хан шатыр» ойын-сауық орталығын айтпай кетуге болмайды. Қазақ елін ғана емес, дүниежүзінің халықтарын тамсандырған Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі – ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада өткен болатын. Бұл республикамыздың жетістігінің бастамасы ғана деп білеміз. «Елорда тойы – елдің тойы» демекші Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы №158 жалпы білім беретін мектебімізде де тойлануда. Осыған орай, мектеп пен ата-ана арасындағы арақатынасты одан әрі нығайту, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дауметова Индира Белгібайқызының бастамасымен аудан әкімі мен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жүз жылдық тарихы бар «Волейболдан» ұстаздар, 5 «А», 5 «В», 5 «Г», 5 «Д», 6 «В», 7 «В» сыныптарының ата-аналарының арасында жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатына Алматы қаласы Әуезов ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышев Бекжан Орынбайұлы және аудан методисі Акбаев Берік Оңғарбайұлы қатысты. Мектеп директоры Сандықбаева Гүлнар Болатқызы құттықтау сөз айтып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты салтанатты түрде ашық деп жариялады. «Ата-ана мен мектептің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы» деген сөздің жаны бар. Қазақ Спорт және Туризм Академиясының 3 курс студенттері команда қатысушыларына қолдау көрсетіп, ойынды қыздыра түсті. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар әкім кубогымен,дипломдармен марапатталды.

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында ұлт денсаулығының кілті – салауатты өмір салты болып саналатынын айтқан. Жердің де, елдің де иесі өзіміз екенімізді ұмытпайық.

 


Рахметова И.Б

 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дауметова И.Б.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: